Білім күні қарсаңында Тараз қаласында ашылған №3 мектеп-лицейінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпарттық Агенттігі хабарлайды.
Мерекелік шара барысында Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов үздік ұстаздарға ҚР білім және ғылым министрінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарын, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы.Алтынсарин төсбелгілерімен, Тараз қаласы әкімінің және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамотасы мен төсбелгілерімен марапаттады. Барлық марапат иелеріне Кәсіподақтың Тараз қалалық комитетінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, қаланың 10 ұстазы «Озат педагог» номинациясы бойынша марапатталып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.