Таразда “Taraz – Aspara fashion week” халықаралық сəн апталығы өтті

0 9

Тараз қаласындағы “Арай Плаза” көпқабатты қонақ үйінің 1-қабатында Жамбыл облысы əкімдігі туризм басқармасының ұйымдастырумен “Taraz – Aspara fashion week” халықаралық сəн апталығы өтті. Бұл туралы “Zhambylnews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Шара барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, сән апталығының ашылу салтанатымен құттықтады.

Фото: ҚазАқпарат

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдіхалықова мен Өзбекістан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайым орынбасары өз кезектерінде туризмнің қарқын алуына септігін тигізетін іс-шараның ауқымдылығын атап өтті.

Сонымен қатар, АҚШ –нан келген FNL Network америкалық телеарнасының президенті Rocco Leo Gaglioti сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ежелгі Тараз жайында көптен бері есітіп, енді көзімен көріп отырғанын жасырмады. Ерекше тарихи қала есте қаларлықтай тәнті еткенін айтты.

Сән апталығының ашылу салтанатына арнайы шақырылған қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Алғаш болып Аспара сән үйі «Тараз перілері» Көктем-Жаз -2019 коллекциясымен таныстырды.

Апталықта келген қонақтарға Өзбекстан елінен келген 6 дизайнерлер жұмысы көрсетілді. Ал, кештің екінші жартысында  Милан,Италия, Францияның сән қойылымдарын тамашалады.

Айта кетейік, «Taraz – Аspara fashion week» халықаралық сән апталығы 12 қазанға дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.