Жамбыл облысында 517 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін қалалық мәдениет үйінде өткен актив жиынында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Үдемелі индустриялық — инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінде 2018 жылы жалпы құны 4 млрд. 897,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, 517 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ:
— «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде;
— «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде;
— «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС өндіріс орнының 2-ші кезеңі (печенье) құрылысын жүргізуде. Жоба құны 850,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 4,5 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары 70 бірлік.
Бұдан бөлек, индустриалды картаны өзектендіру аясында облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 18 млрд. 391 млн. теңгені құрайтын 2 жаңа инвестициялық жобаны енгізу жоспарлануда, олар:
— «Ekojer» ЖШС — Американдық технология негізінде өнеркәсіптік және
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт құрылысы. Жобаның құны – 17,5 млрд. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 100 мың тонна. Жоба бойынша 150 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2018 – 2020 жылдары.
— «TARAZLING» ЖШС сұйытылған табиғи газды өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2018 – 2020 жылдары.
Қазақстанның индустриялды картасынан тыс, екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда:
— «Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар зауыты» аммофос 10:46 маркасы өндірісінің технологиялық жүйесін кеңейту болып табылады. Жобаның құны 8 млрд 13,5 млн. теңгені құрайды, кәсіпорынның қуаттылығын жылына 225 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыру көзделген.
— «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу. Жобаның құны – 1 млрд. 264 млн. теңге, қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 36 бірлік.
Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз металлургиялық зауыты (бұрынғы «Химпром» АҚ) аумағынан индустриялық аймақ құру үшін 48,8 га жер бөлінген. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін шамамен 1 млрд. 92,7 млн. теңге қажет. Осы аумақтан 10 га жер телімінде «Ekojer» ЖШС-і қоқыс өңдеу зауытының құрылысын жүргізу жоспарлауда.