Таразда 2019-2021 жылдары 5 спорт нысанының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы бүгін Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қалалық мәдениет үйінде өткен актив жиынында айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінгі күні қала тұрғындарының жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді 522 спорт нысаны бар және жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны қала тұрғындарының 29,1 пайызын құрап отыр.
Тараз қаласында 2019-2021 жылдары 5 спорт нысанының құрылысы жүргізілетін болады. Олар: 15 мөлтекауданында жеңілатлетикалық және гимнастикаға арналған 2 манеж, №14 орта мектепте, «Шалғай» қарасу аумағында, «Ақбұлақ» мөлтекауданында спорт нысандары.
Қалада жаппай спортты дамыту мақсатында ағымдағы жылы бюджет есебінен «Аса» мөлтек ауданында бір кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілсе, үш «Street Workout» алаңшаларының («Сәтпаев» иінінде, «Тастақ» тұрғын алқабында, «Қарасу» мөлтек ауданында),бес әмбебап алаңшаларының («Кирпичник», «Тастақ» тұрғын алқаптарында, «Қарасу», «Алатау» және «Астана» мөлтек аудандарда) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, демеушілер есебінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Казфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында әмбебап алаңы ашылды.
Сонымен қатар, 2019-2021 жылдар аралығында дене шынықтырумен айналысу үшін демеушілер тарапынан 12спорт алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр (7 әмбебап спорт алаңшасы, 2 кіші футбол алаңшасы және 3 стритворкаут алаңшасы).
Бұған қоса, Мемлекет басшысы 2019 жылды жастар жылы деп жариялап, жастардың барлық санатын қолдауға арналған әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды тапсырды.
Бүгін күні Тараз қаласында 77 976 жас бар. Бұл қала халқының 21,9 %- дСтатистикалық мәліметке сәйкес жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 1,13 пайызды құрайды. 9 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2136 жас азамат тартылды. Олардың 1276 –ы бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберілсе, 290 -ы жастар тәжірибесіне жолдау алды, кәсіптік оқыту кустарынан 436 азамат өтіп, 110 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 12 жас кәсіпкер несие алды.