Тараз қаласы «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» Мүгедектер күніне орай «Қайырымды жүрек қартаймайды» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Шара барысында Мұрат Бердалиев қызмет алушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, өз ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, шараға қайырымдылық көмек көрсетіп келген демеушілер «Тараз VIP сервис» ЖШС, «Мұрагер – К» ,«Беккулова», «Жұматаев» шаруа қожалықтары мекеме тұрғындарына арнайы әкелген сыйлықтарын табыстады.
Сонымен қатар, арнайы қайырымдылық концерттік бағдарлама көрсетіп келген кеш қонақтарымыз Жамбыл облысына танымал, Халыққа еңбегін сіңірген «Халықтық Жаңабаевтар» отбасы мекеме тұрғындарына арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын тарту етті. Әуезді әңдері мен мың бұралған бишілердің өнерлерін Орталық тұрғындары барынша қызығушылықпен тамашалады.
Мерекелік іс-шара №51 Бәйтерек бастауыш партия» ұйымының қолдауымен және көркем өнерпаздар мүшелерінің ұйымдастыруымен мүгедек жандардың көңілдерін көтеріп, демеу болу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, елімізде Мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.