Назарбаев Хельсинкиге келді

0 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия астанасы Хельсинкиге келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Назарбаевтың 16-17 қазанда Финляндияға баратыны жайлы хабарланған болатын.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.