«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

0 30

Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы 1968 жылы туылған. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу кеңшарында жетекші экономист болып бастаған.

1991-1994 жылдары Жарсу кеңшарында экономист, бас экономист, 1994-1996 жылдары «Ақсу» және «Алма-Тал» компанияларында директордың орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі, 1997-2000 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппаратында бөлім меңгеруші.

2000-2003 жылдары Республикалық «Метрология» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметінде істеп, 2003-2008 жылдары Алматы қаласының «KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

2008-2009 жылдары «Алматы электр желілері» акционерлік қоғамында коммерциялық директор қызметінде болған.

2010-2013 жылдары облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және тағы басқа ведомствалық наградалармен марапатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.