Тараз қаласында «Автобус» жедел- іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш күнге жалғасқан шарада полиция қызметкерлерімен 248 қоғамдық автобус жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, айыптұраққа бес қоғамдық көлік қойылды.
Аталған шара полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ, желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.