Синоптиктер 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы аса өзгермейді. «Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5 градуасқа төмен болады.
Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады. Сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз +12…20 градусқа дейін жылынады.