Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды

0 4

Қазақстанның ипотекалық компаниясы (ҚИК) несиелеудің жаңа түрін таныстырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— «Орда» ипотекасын қазақстандықтар осы айдың соңынан бастап рәсімдей алады. Жаңа бағдарламаның арқасында баспанасыздар жаңа немесе қолданыстағы үйлерге қол жеткізеді. Сонымен қатар, үміткерлердің басында баспана бар-жоғы маңызды емес. Несие ҚИК әріптестері болып саналатын ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) арқылы беріледі, — деді компаниядан.

Егер үміткерлер төлем қабілетін дәлелдей алса, ипотекалық қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме — 12% болмақ. Ал егер толық дәлелдей алмаса, 14%-бен беріледі.

— «Орда» арқылы ең көп дегенде 40 млн теңгеге дейінгі сомаға баспана алуға болады. Қарыз 20 жылға беріледі. Бұл ипотека Қазақстанның 16 қаласында жүргізіледі. Бірақ, клиенттің жасы 21-ден асып, несие мерзімі аяқталғанша зейнет жасына жетпеуі тиіс, — деді ҚИК-тан.

«Орда» ипотекасы бойынша қарыз алу үшін клиент үй құнының 30%-ын алдын ала төлеп, төлем қабілетін толық растауы қажет.

Ал төлем қабілетін растай алмаса, үй құнының 50 %-ын алдын ала салуы керек.

Сонымен қатар, алғашқы салым болмаған жағдайда клиент өзінің басындағы жылжымайтын мүлкін кепілге қойса болады.

— Біздің ипотека көптеген қазақстандықтардың баспана жағдайын түзетуге мүмкіндік береді. Борышкерлер өздеріне ыңғайлы параметрлер арқылы қолайлы айлық төлем белгілей алады, — деді ҚИК басшысы Әділ Мұхамеджанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.