Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы Жол-патрульдік полициясы батальоны ағымдағы жылдың 18 мен 20 қазан аралығында республикалық деңгейдегі жедел профилактикалық іс-шарасы «Автобус» өткізілетінін хабарлайды.
Аталған іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің заңдылығы, сондай-ақ, техникалық жағдайына тексеру жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының 17.04.2014 жылғы «Жол жүрісі туралы» Заңының 52 -бабы 4-тармағына сәйкес стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көзделген құжаттарды тексеру үшін қоғамдық көліктерді тоқтатуға рұқсат етілген.