Менингококк инфекциясы мен менингиттің айырмашылығы қандай?

0 7

Менингококк инфекциясы адам ағзасы әлсірейтін көктем мен күзде белең алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Елімізде жыл басынан бері менингококк инфекциясына 85 адам шалдыққан. Оның 69-ы дертінен құлан-таза айығып кетті. Бір науқас ем қабылдап жатыр. Ал 15 адамның қазасы осы аурудан келді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Халықтың алаңдауына негіз жоқ.

Менингококк жұқпасы мен менингитті шатастыруға болмайды. Бірі ауыр, бірі жеңіл түрде жүреді. Менингококк инфекциясының тасымалдаушысы болған адам ауырмауы да мүмкін. Бірақ ол негізгі ауру жұқтыру көзі болып табылады. Ал менингиттің іріңді немесе серозды, сонымен қатар вирустық, зеңді, бактериалды түрлері болады. Дер кезінде қаралса, одан тез сауығып кетуге әбден болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.