Шу ауданында кооператив саны көбейіп келеді

0 0

Шу ауданында кооперативтер саны көбейіп келеді. Ұжымдық жұмыстың тиімділігін сезінген шағын шаруалар бірігудің арқасында мемлекеттік қолдауға қол жеткізуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ернұр Арғынбаев, Шу ауданының тұрғыны:

— Алғашында азын-аулақ мол ұстаумен айналысқан. 2016 жылы «Берекелі-2016» кооперативі құрылған соң соның құрамына кірген. Нәтижесінде, 4 млн.теңге несиеге қол жеткіздім. Сондай-ақ, біріккеннен кейін мемлекеттік көмекті алу да қиын болған жоқ. Соның арқасында мал басын көбейттім. Бордақылап жатырмын. Өткеру жағы да қиындық тудырмайды.

«Берекелі-2016» кооперативінің құрамында 20 жеке шаруашылық бар. Биыл 64 млн.теңге несие алған. Қазір кооперативте 345 бас ірі қара мал бар. 3 сағаттың ішінде 5 тонна ет тоңазытатын мұздатқыш пен арнайы мал сою алаңы жұмыс істейді. Мал сою алаңында бірден 40 бас малды сойып, жіліктеуге болады.

Кооператив өндірген өнімге де аса мән береді. Мұнда арнайы зертхана қойылған. Союға жіберілетін малдан міндетті түрде сынама алынады. Өндіріс жетекшісінің айтуынша, 2020 жылы мал басын екі есе арттырып, ет экспортын ұлғайтуға үлес қоссақ дейді шаруалар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.