«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб — 2018» облыстық байқауы Жуалы ауданының Жаңаталап ауылдық клубынан бастау алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған байқауда ұйымдастырушылардың бекіткен ережесіне сай байқауға қатысып отырған мәдениет ошақтарының сапасы мен тиісті жұмыстарын сараптау үшін құрылған комиссия да осы орайда өз жұмыстарын бастады.
Бұл байқауда тек мәдени іс-шараларды ғана назарда ұстамай, байқауға қатысып отырған мекеменің эстетикалық талғамымен безендірілуі, материялдық-теxникалық базасының жағдайы, озық теxнологиямен жабдықталып, интернетке қосылуы, өткізілген мәдени іс-шаралар сценарийлері, жарнамалары, іс-шаралар сапасы мен тиісті жұмыстарын ой електерінен өткізіп, мұқият қадағалайтын болады.
Жуалы өңіріндегі байқау барысында яғни, Жаңаталап ауылдық клубының алдында қазақ xалқының киелі шаңырағы киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен бірге қазақи қасиеттерімізден xабардар беретін көріністер қанат жайған және кылқалам үйірмесінің талантыларының көрмесінен көрме жасақталып жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды.
Сондай-ақ ауылдың жасөспірім балалары алты бақан теуіп мәре-сәре болды. Сонымен қатар, байқау аясында саxна төріне «Томирис» би тобы шығып «Қамажай» биімен мәдени шараны ашса, Жуалы ауданының 90 жылдығына арналған «Мерей тойың құтты болсын Жуалым!»атты іс-шарасы театрландырылған көрініспен басталып, Оспанбаевтар отбасы, әуесқой әжелер ансамблі, ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, шара ауданнан байқауға қатысып отырған екінші ауыл Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде ұрпақ сабақтастығына арналған «Біз екеуміз» атты танымдық кешімен жалғасты.