Жуалы ауданында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктер берілді

0 16

Жуалы ауданында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктер берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көрсетілген көмек  Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облыстық хатшылығының ұйытқы болуымен ұлттар достығын одан әрі нығайту мақсатында жасалып отыр.

Бұл айтулы шара облыстың барлық аудандарында жыл сайын өткізіліп келеді. ҚХА-ның облыстық хатшылығы және облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлескен іс-шарасы өткен жылдары Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ және Жетітөбе ауылдық округтерінде өтіп, ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастаса, биылғы жылы аталған «Қайырымдылық керуені» акциясы аясындағы мәдени іс-шаралар легі Нұрлыкент ауылында өз жалғасын тапты.

Аталған шарада этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерті ұйымдастырылды. Концерт қазақ биімен ашылды. Сондай-ақ, мектептің психологы Дәметкен Якупова сөз алып, қайырымдылық керуенінің жұмысын жоғары бағалап, оларға мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ауылдық округтегі тұрмысы төмен бес отбасына азық-түліктей қайырымдылық жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.