Биыл «Көрікті мекен» танымдық сапары Алматы облысынан кейін Жамбыл облысында жалғасады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазсушар» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаға қатысушылары 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарын аралап, жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттайды.
— БАҚ өкілдері еліміздегі су мәселелерін терең білуі керек. Себебі осы саланың уақын өткен сайын маңыздылығы артып келеді. Қай өңірге жолымыз түссе де елді-мекендер тұтынып отырған су қайдан келіп жатыр, оның баға мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты іске асып жатыр, маңызды су нысандарының тарихы мен жай-күйі секілді тақырыптарды қамтып жүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті осы мақсатты көздейді және әрі қарай да осы бағытта жұмыс жасайды, — дейді Су ресурстары комитеті мен «Қазсушар» РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы.
Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері шақырылған. Ал, жоба әрі қарай да өзге облыстарда жалғасын табады.