Облыста жыл соңына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйеде 100% қамтылады

0 5

Облыста жыл соңына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйеде 100% қамтылады. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізуді жылдамдату, азаматтарға олардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа интернетте қолжетімділікті қамтамасыз ету және әр түрлі мобильді технологиялар арқылы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр.

Соның негізінде барлық медициналық ұйымдар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс формасына көшуі керек. Ағымдағы жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерді 100% қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, медицинада инновациялық технологияларды енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде дербестендірілген медицина бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ал, 2016 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпараттық жүйені енгізу бойынша шешім қабылданған. Осының аясында:

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «ELSI-MED» медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізу мақсатында «Human Development Group» акционерлік компаниясымен 2017-2018 жылдарға ынтымақтастық туралы меморандум жасады.

Соның негізінде 2017 жылы жергілікті бюджеттен 470,0 млн. тенге бөлінді. Медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізуге: 2017 жылы — 200,0 млн теңге және 2018 жылы – 270,0 млн теңге игерілді.

Осы мақсатта 2018 жылы облыс әкімі орынбасарымен Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасының негізгі бағыттары:сауықтыру және алдын алу; сырқаттануды ерте анықтау; медициналық қызмет көрсету; ауруларды басқару және қайта оңалту.

Нәтижесінде 2018 жылы медициналық ұйымдарда құжаттарды электронды форматқа толығымен ауыстыру және электронды денсаулық паспорты құрылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.