Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын «Қайрат» миллион еуроға сатып алмақ

0 0

Расталмаған ақпарат бойынша, алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Уфа» командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің келісімшартын сатып алуы мүмкін, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

KazFootball.kz порталының хабарлауынша, қазақстандық клуб ресейлік премьер лиганың бірінші айналымы аяқталған соң қазақстандық Мессидің келісімшарты үшін миллион еуро ұсынуы мүмкін.

Сейдахмет премьер лигада ресейлік «Уфа» командасының құрамында үш матч өткізіп үлгерді.

Еркебұлан Сейдахмет қазақстандық премьер-лигада «Тараз» футбол командасының құрамында 15 матч ойнап, бір гол соқты.

Дерккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.