Қазақстан-Өзбекстан арасында Silk Road визасы енгізілуі мүмкін

0 13

Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2018 жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес консулдық мәселелер бойынша екі ел консультациялары өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі  BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияны Консулдық қызмет департаментінің директоры Үмбетбаев Тауболды басқарды, өзбек делегациясын Консулдық-құқықтық департаменті директорының орынбасары Насриев Фариддин басқарды.
Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саласындағы екі жақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады, консультациялар нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.
Екі жақты кездесулер барысында туындаған мәселелердің бірі екі елдің туризмін дамытуға ықпал ететін «Silk Road» визасын енгізу болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.