Өңірде «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

0 16

Ағымдағы жылдың 29-қазанынан бастап Тараз қаласында Республикалық «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараның негізгі мақсаты жүргізушілердің жаяу жүргінші өткелінен өту және жаяу жүргіншілердің жүру бөлігінен өту кезіндегі жасайтын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Тараз қаласы аумағында жалпы жаяу жүргіншілердің қатысуымен жыл басынан бері 368 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 17 адам қаза тауып, 484 адам зардап шеккен. Осындай жол-көлік оқиғаларының 98% жүргізушілердің кінәсінен орын алған.

Аталмыш іс-шара 2018 жылдың 2 қарашасына дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.