Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Онда аудан тұрғындарына шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер өздері өндірген азық-түлік тауарларын арзан бағамен саудалады. Жәрмеңкеге шығарылған азық-түлік тауарлары базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағаға сатылды.
Аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің мал дәрігерлері өздерінің жылжымалы зертханаларымен мал еттері мен сүт өнімдерін тексеруден өткізді.
Жәрмеңкеге келушілер қой етін – 1 200 теңгеден, макарон өнімдерін – 140 теңгеден, алманың әр келісін – 100-150 теңгеден, балды – 1200 теңгеден, қырыққабат, сәбіз бен картоптың келісін – 50 теңгеден, қызанақты – 80-120, сүтті – 140, қаймақты -1100, пиязды – 25, арпа мен бидайдың келісін 40-50 теңге аралығында сатып алды.