Сайлауға республикалық бюджеттен 19 млн. 283 мың теңге бөлінген

0 3

Сайлауға республикалық бюджеттен 19 млн. 283 мың теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, облыстық, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметқали Сарыбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Махметқали Нұрғалиұлының айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конститутциялық заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың шығып қалған бос ваканттық мандаттарды жылына екі рет дәстүр бойынша сайлау өткізіледі. Атап айтар болсақ, наурыз айының соңғы жексенбісінде және қазан айының соңғы жексенбісінде. Осы орайда, ағымдағы жылы 28 қазанда бос орындарға депутаттар сайланған.

Сайлау Жамбыл облыстық мәслихатын сайлау жөніндегі №17, Қордай аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №8 және №13, Мойынқұм аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №11 сайлау округтері бойынша өткен. Нәтижесінде, №17 сайлау округы бойынша облыстық мәслихат депутаты болып «Altais Group» ЖШС бас директоры Әлібек Жұмабаев сайланса, №8 сайлау округы бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғалым Әлімжанов сайланды. Ал №13 сайлау округы бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып «Береке» гуманитарлық-техникалық колледж директоры Ержан Сүлейманқұл сайланып отыр. Сонымен қатар, №11 сайлау округы бойынша Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты болып В.Терешкова атындағы орта мектеп директоры Абзал Сәлібеков сайланды.

Жоспар бойынша ағымдағы жылы 28 тамыз бен 28 қыркүйегі аралығында кандидаттарды ұсыну жүргізілді. №17 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Қордай аудандық мәслихат бойынша 3 кандидат, Мойынқұм ауданы бойынша 3 кандидат тіркелді.

Сондай-ақ, №17 сайлау округы бойынша — 17430 сайлаушы, Қордай ауданы бойынша №8 сайлау округында — 4897 сайлаушы, №13 округта — 5410, Мойынқұм ауданы бойынша №11 округта — 1288 сайлаушы тізімге енгізілген.

Айта кетейік, сайланған кандидаттардың барлығы «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.