Сарысу ауданының АОЕ, ОДА, ФАП, МП медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ бойынша тұрғындарға медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының Жол картасын басшылыққа ала отырып семинар-тренинг өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Түсіндірме жұмыстарын облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова жүргізді. Атап айтар болсақ, эпидемиологиялық ахуал, алдын алу шаралары және берілу жолдары, психоәлеуметтік кеңес беру түрлері мен жолдары, коммуникативтік дағдылар туралы кеңінен тоқталды.
АИТВ біліміне тестке дейінгі және кейінгі кеңес беру дағдыларын 2-3 адамнан топ құрып үйретілді. Ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері Бегманова қатысып, АИТВ мәселелерінің өзектілігі мен тұрғындар арасында психоәлеуметтік кеңес жүргізу жұмыстарының маңыздылығы туралы өз ойын ортаға салды.