Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының ұйымдастырумен қазақ драма театрында жазушы – драматург Елен Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» атты комедиясының тұсаукесер қойылымы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Комедиялық оқиғаға негізделген ерлі-зайыптылар арасында болатын түрлі қарым-қатынас арқылы ер мен әйелдің махаббат сезімдерінің түрлі реңктерін насихаттап, кең ауқымды Елен Әлімжанның сахнаға жаңа дайындалған бұл комедиясының оқиғасында ерлі-зайыптылар арасында жиі кездесетін бір-біріне сенбеу, бірін-бірі қызғану сияқты сезімдердің шарықтау шегіне жетіп, езу тартқызар күлкімен аяқталуы баяндалды.
Шараға облыс, қала басшылары, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары, облыстық, қалалық Ардагерлер кеңесінің құрамы, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Еске сала кетейік, облыстық қазақ драма театрында Ел-ағаның «Бір қазаққа бір қатын!», «Тақталас», «Жанұран» комедиялары, сондай-ақ, «Жанталас», «Төлеби» атты драмалары қойылып, ұзақ уақыт сахнадан түспей жүргенін өнерсүйер қауым жақсы біледі. Бұл сахналық премьерасы жазушы-драматург Елен Әлімжанның комедия жанрындағы драмалық шығармалары оқырманға да, театр көрермендеріне де бұрыннан таныс.