Сарысу ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық топ мүшелері халықпен жүздесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Кездесуге ауыл тұрғындарымен қатар партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Құдайберлі Әбілов, аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мыңжасар Аймағамбетов және аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Бегулиев қатысты.
Жиын барысында, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерге кеңінен тоқталды.
Шарада ауыл қариялары Қойшыбай Жүсіпалиев, Зауал-Махан Абзалбеков, Түлкібай Әжіков, Рыстан Жанбековтер өз ойларын ортаға салып, Елбасы Жолдауын толығымен қолдайтындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, қойылған сұрақтарға топ мүшелері тарапынан ұтымды жауаптар берілді.