2018 жылдың 24 қазанында «Рефлекс — 2018» жедел-іздестіру іс- шарасы барысында Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен Сарысу ауданы Жаңатас қаласында орналасқан №5 колледждің екі студентін ұсталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кәмелетке толмағандардың қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған ерекше иісі бар, жасыл түсті зат тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана екендігі анықталды, жалпы салмағы 18,51 грамм құрайды. Ұсталғандар есірткі затын өздері қолданғанын айтып, кінәләрін мойындады.
Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.