Жуалы ауданының шаруалары 18 млрд. 683,9 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Жуалы ауданы әкімі Бақтияр Көпбосынов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр.
Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 971,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 289,0 % пайызға орындалды. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 927,6 млн. теңгеге шақ келді.
Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5071,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады.
Оған қоса, мал өнімдері бойынша осы жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 564,0 т., сүт өндіру 36 871,1 т., жұмыртқа 6 994,3 мың дана өнім алып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,0 пайызға, сүт өнімі 4,1 пайызға, жұмыртқа 4,1 пайызға пайызға артты.
2018 жылдың 1 қазанына мал басы 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,3 пайызға, қой мен ешкі 8,7 пайызға, жылқы 8,9 пайызға, құстар 6,9 пайызға тең. Мал шаруашылығы 2018 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 43 789 бас, қой-ешкі 216 770 бас, жылқы 9 827 бас, шошқа 695 бас, құстар 123 064 басты құрады.
Айта кетейік, аудан бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1 632,5 млн. теңгенің бөлшек саудасы жасалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,8 пайызға артып отыр.