Адам басындағы екі орай туралы түрлі аңыздар бар. Мұндай анатомиялық ерекшелік халық арасында тағдыр белгісіне де айналған.
Басында екі орайы бар адамдар өмірде бақытты болады деп сенген. Алайда, мұндай дерек туралы ғылыми түсінік берілмеген.
Орай денсаулыққа да ешқандай қауіп төндірмейді. Тек кейбір ерлерге шаш қидырғанда қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Тағы бір кең тараған түсінік – екі рет үйлену туралы. Екі орайы бар ер адамдар екі рет отау құрады деген пікір бар.
Алайда, бұрын дәм-тұзы жараспай, ажырасқандар саны аз болмаған. Ал, бүгінде ажырасып жатқан отбасы өте көп болғандықтан, мұндай жорамалдың маңыздылығы жоғалды, дейді мамандар.
Орайға қатысты тағы бір түсінік – ерекше мінез туралы. Яғни, екі орайы бар адамдардың бойында ерекше қабілеті болады дейді. Олар кез келген жағдайдан ақылдылығы мен ептілігінің арқасында шыға алады деседі.
Алайда, қазіргі таңда орай туралы ғылыми зерттеу жүргізілмеген. Сондықтан жоғарыдағы жорамалдарды дәлелдейтін дәйек жоқ.
Егер баланың басында екі орай болса, бұл кемістік пе?
Мамандардың айтуынша, мұндай анатомиялық ерекшелік ата-аналардың геніне байланысты болады. Бұған алаңдаудың қажеті жоқ. Орай бала денсаулығына да қауіп төндірмейді, дейді олар.
Бір орайы бар адамдар да бақытты болады. Олар да ажырасуы мүмкін. Мұндай ерекшелік ми қызметіне әсер ететіні туралы да ғылыми дәлел жоқ.
Сондықтан ата-аналар мұны генетиканың әсерінен пайда болған ерекшелік деп қабылдағаны жөн,- дейді мамандар.