Жамбыл облысында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды

0 1

Жамбыл облысында жыл басынан бері  2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылған.  Оның — 1,3 мың тоннасы  қозы еті, 0,6 мың тоннасы –сиыр еті. Бұл өткен жылдың көлемімен салыстырғанда 3 есеге артық. Бұл туралы бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі»  алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Аймақ басшысы облыста  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істейтінін, сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде екендігін жеткізді. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады. Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.

— Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады. Осы орайда, заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бастамасына биыл 200 млн.теңге бөлінді,-деді Асқар Мырзахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.