Мемлекеттік «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мəдени қорық музейі Жамбыл облысы əкімдігінің Туризм басқармасының «Тараз-туризм» туристік информациялық орталығымен бірлесе отырып, TARAZ TOUR жобасын жүзеге асыру аясында Т.Рысқұлов ауданындағы ортағасырлық Құлан, Өрнек қалашықтарына QR стендтер орнатылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Тарихи-мəдени ескерткіштер жайлы қазақша, орысша жəне ағылшынша толыққанды мəлімет берілген. Енді қалашықтарға келген туристер, қонақтар мен оқушылар ұялы телефондарының көмегімен тарихи-мəдени нысандармен таныса алады.