Қалың қар қала тұрғындарын әбігерге салды (ФОТО)

0 0

Тараз қаласында 2 тәуліктен бері жауған қар тұрғындарды әбігерге салды. Қазір қала ішінде қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қардың салдарын жою үшін коммуналдық қызметтер арнайы жабдықтарды пайдалануда. Атап айтқанда, дүйсенбі күні қала көшелерінде 55 техника және 750 адам жұмыс істеген. Ал 12- қарашадан 13- қарашаға дейін қарды тазартуға 36 арнайы техника мен 280 жұмысшы тартылды.

Сондай-ақ, қалалық әкімдік мамандары жолдардағы мұз бен тайғақтың салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болуды ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.