Жамбыл облысының газдандыру деңгейін 50 пайызға жеткізу көзделуде

0 2

Қазіргі таңда Талас ауданының 5 елді мекенін және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құны 4,8 млрд. теңге. Аяқталу уақыты 2018 жылғы 25 желтоқсан. Құрылыс жұмысы аяқталған кезде 128,4 шм газ құбыры салынып, облыстың газдандыру деңгейі 50 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларының бірін іске асыру 2012-2020 жылдар аралығына жоспарланған. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту болып табылады.

2018 жылы жоспарға сәйкес (Тайвань алқабы) бойынша 68 км жерасты газ құбырлары ауыстырылып, 2 289 жеке шкафтық пункттер орнатылды.

Айта кетейік, облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта 2018-2027 жылдары газдандырылатыны 377 елді мекен, немесе 100 пайызы. 2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына 181-ді құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.