Өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты баяндалды

0 7

Бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов облыста көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты баяндады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Талғат Тоқсанәділұлының айтуынша, ҚР ИДМ Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтердің 2 түріне көрсетеді: 1)«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»; 2) «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу».

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру, яғни көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың толық еместігі аңықталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде арызды әрі қарай қараудан дәлелді бас тартылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Ал «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында көрсетілген жалпы мемлекеттік қызметтер — 145.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 9 айында, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 42 сұраныс қаралды, онын ішінде 33 сұранысқа рұқсат берілді, 9 сұраныс кері қайтарылды. 103 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуі» қаралды, оның ішінде 54 жобаға келісім берілді, ал 49 жобаға келісім беруден бас тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.