Шу ауданында жаңа мешіт халық игілігіне берілді

0 9

Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді. Мешітті өз қаражатына тұрғызған Шу қаласының тұрғыны қолы жомарт Нұрхан Матышев демеушілік көрсетіп еліне табыстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпаратттық Агенттігі.

Балуан Шолақ ауылында 1998 жылы ауылдың қадірлі қариясы Назар ақсақал ауыл адамдарының көмегімен 80 жамағатқа шақталған мешіттің кірпішін қалаған. Жиырма жыл бойы сақталған ғибадат үйінің бүгінгі күнге дейін тозығы жеткен. Ал, ауыл әкімі Найман Сұлтанбаев жергілікті жұртшылықтың ізгі тілегін назарға алып, мешіт салдыру ісін қолға алған.

Көп ұзамай ауылдан шыққан жаны жомарт азамат Нұрхан Матышев бұл сауапты істі өз жауапкершілігіне алып,  9 метр, 2 қабаттан тұратын жаңа мешіт салып беруді жоспарлаған.

Жалпы алғанда сыйымдылығы 360 жамағатқа шақталған. Оның жанында құдайы тамақ, ас, жаназа беру рәсімдерін орындауға арналған 41 метрлі үлкен асханасы да бар.

Сонымен қатар, жас жеткіншектердің арабша хат танып, құран оқып үйренуі үшін арнайы медресе де қызмет көрсететін болады. Осындай ауыл азаматтарының армандаған мешіті халық игілігіне берілді.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Қайрат Досаев, «Асыл арна» телеарнасының негізін салушы, директоры Мұхамеджан Тазабеков сондай ақ олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтар қатысты.

Сондай-ақ, Қазақ өнер жұлдыздары мен Республикалық айтыскелердің қатысуымен концерттік бағдарламаларға ұласты. Жаңа мешіттің лентасын қиып осы мешіттің құрылысына үлесін қосқан Нұрхан Матышовқа ауыл ағайындары ат мінгізіп шапан жапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.