Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы қаулы қабылдады

0 3

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы қаулы қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.