2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 18 334,3 мың адамға жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА BNews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде қалалықтар – 10 597,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7 737,1 мың адам (42,2%).
«Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде республикалық маңызы бар қалалар арасында ең көп өсімге Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) ие болды» — делінген ҚР ҰЭМ таратқан ақпаратта.