Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және газ қондырғысын пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Тұрғын үйдегі өрт — ол үлкен қайғы. Статистика көрсеткіштеріне сүйенсек, ағымдағы жылы бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы аумағында 643 өрт оқиғасы тіркеліп, от құшағында 12 адам көз жұмды, оның ішінде 3 бала бар.8 адам әртүрлі дәрежелі жараққаттар алған.
Осыған байланысты, Үгіт насихат іс-шараларын жүргізу алдында департамент қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жеке тұрғын үй секторындағы ТЖ алдын алу мәселелері бойынша оқыту ұйымдастырды.
Департаменттің барлық қызметкерлерін жұмылдыра отырып, тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздік сенбілігін» өткізу графигі дайындалып бекітілді.
Сондай-ақ, шара барысында тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» аясында 320 тұрғын үйдегі 980 тұрғынға нұсқаулықтар таратылды және онда тұрғындардың назарына электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғындардың өртке қарсы нормаларын, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ұсынылып, жаднамалар таратылды, онда жылыту маусымдағы өрт қауіпсіздігі іс — шараларға және тек қана жұмысқа жарамды жылыту аспаптарын қолдануға кеңес берілді.