Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Шу қалалық ауруханасына медициналық консалтинг ұсыну бойынша қызметтерді қоса алғанда, сервистік қызмет көрсету мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөздер арқылы бастамашылық ету туралы хабарламасын ұсынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Мемлекеттік-жекеше әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 44-бабына сәйкес және 2015 жылдың 25 қарашасындағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережесінің» (бұдан әрі — Ереже) 133-тармағына сәйкес хабарлама жасалып отыр.
1. Келіп түскен өтінім шеңберінде Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік:
1) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын (бұдан әрі — Аурухана) жарақтандыру мақсатында төмендегі сипаттамаларға сәйкес компьютерлік томографты жеткізу, монтаждау және пайдалануға беру қажет:
* Гентри диаметрі 70 см кем емес 64 дейін кесік алу мүмкіндігі бар әмбебап компьютерлік томограф. Толық айналым уақыты 0,4 сек. кем емес. Рұқсат ету қабілеті сек. 24 п/л кем емес. Төмен дозалы сканерлеу кезінде кескіннің сапасын жақсарту үшін итеративті қайта құру технологиясы. Металл импланттардан артефактілерді басу алгоритмі. Төмен контрасты рұқсат 4 мм. кем емес. Кескінді қайта түсірудің ең көп матрицасы 1024х1024 кем емес. Бір айналымға ең көп анатомиялық жабын кемінде 40 мм. Кем емес. Перфузиялық зерттеулер жүргізу кезінде ең көп анатомиялық жабын кемінде 80 мм. кем емес.
* Генератор қуаты кемінде 80 кВт., бұл кез келген емделушілерде визуализация сапасының өте жақсы зерттеулер жүргізуге
мүмкіндік береді. Кернеу диапазоны 80 – 140 кВ кем емес. Токтың максималды мәні 665 мА. емес. Рентген түтігі анодының салқындату жылдамдығы 1608 kHU / мин. кем емес. Анодтың жылу сыйымдылығы 8 MHU кем емес. Кіші фокальды дақтың мөлшері, 0.5 x 1 мм артық емес. Үлкен фокальды дақтың мөлшері, 1×1 мм артық емес.
* Ram-мен оператордың консолі 16 Гб кем емес және 2 кем емес монитормен.
* Оператор белгілеген «сапа/доза»индексі негізінде параметрлерді оңтайландырудың болуы. Коллимацияны, қоректендіруді, айналу жылдамдығын, сканерлеу саласының деректері бойынша сканерлеу ұзақтығын, топограмманы, пациенттің жасы мен салмағын автоматты түрде таңдаудың болуы. Өсуді ескере отырып, ісікті немесе түйінді сипаттау мүмкіндігінің болуы. Автоматты сегменттеумен көлемді талдаудың бағдарламалық пакетінің болуы. Барлық дененің және жекелеген органдардың перфузия параметрлерін есептеуге арналған пакеттің болуы: транзиттің орташа уақыты, қарсы күшейтумен КТ-ға шыңның келуіне дейінгі уақыт. Бауыр перфузиясын зерттеу кезінде артериялық және порталдық фазалардың деректерін өлшеу. Жүрек циклінің кез келген фазасында кейіннен қайта жаңарта отырып, пациенттің электрокардиограммасын жазумен қатар, сканерлеу деректерін жинауға арналған пакеттің болуы. Коронарлық артериялардың ізбестіленуінің сандық талдау пакетінің болуы.
* 1000 Гб, RAM кем емес 16 Гб кем емес және 2 кем емес мониторы бар мамандандырылған мультимодальды медициналық жұмыс станциясы. Перифериялық қан тамырларын, жүрек тамырларын талдау, жүректі функционалдық бағалау, түсті карталарды жасай отырып бас миының перфузиясын бағалау үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету.
* Аксессуарлар. Термопринтердің, рентгеннен қорғайтын шынының, желілік ажыратқыштың болуы.
2) Компьютерлік томографта жұмыс жасауға Аурухананың мамандарын оқыту.
3) МЖӘ жобасын іске асырудың барлық мерзімі ішінде компьютерлік томографты сервистік сүйемелдеу, кемінде 37 ай.
4) Медициналық консалтинг қызметтерінің кешені, оның шеңберінде ми қан айналымының бұзылуларын эндоваскулярлық емдеудің клиникалық жолын (МҚА), компьютерлік томография кабинеті жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, аурухана қызметкерлерімен семинарлар өткізу, МҚА емдеу орталығын құру үшін 3 жылға арналған аурухананың даму жоспарын («жол картасы») әзірлеу қажет.
5) МЖӘ жобасының құны 542 595 604 (бес жүз қырық екі миллион бес жүз тоқсан бес мың алты жүз төрт) теңге. Қаржыландыру көздері — Жекеше әріптестің өз қаражаты.
6) Әлеуетті жекеше әріптестің атомдық энергияны пайдалану саласындағы қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы және Құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге арналған және мемлекеттік лицензияға қосымшасы болуы тиіс.
7) Әлеуетті жекеше әріптестің медициналық техниканы өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғанын растайтын құжаттары болуы тиіс.
8) Әлеуетті жекеше әріптестің өндіруші кәсіпорында немесе компьютерлік томографтың сервистік сүйемелдеуін көрсету үшін компьютерлік томографтың осы түрлеріне оқытуды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымда оқудан өткен білікті сертификатталған мамандары болуы тиіс.
9) МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 3 жыл 6 айды (42 айды) құрайды.
2. Жобаның техникалық күрделілігі және (немесе) бірегейлігі: МЖӘ жобасы техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.
4. Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі.
5. МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі Әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсыныс ұсынады:
1) Әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;
2) мемлекеттік тиесілілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;
3) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері мен Әлеуетті жекеше әріптестің атынан өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;
4) Ережелердің 128-тармағына сәйкес Әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімді жалдау құқығын растайтын құжаттары қосымша жалғанады;
5) Атомдық энергияны пайдалану аймағындағы қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы және Құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы
сәулеленуді генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге арналған және мемлекеттік лицензияға қосымшасы қосымша жалғанады;
6) медициналық техниканы іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғанын растайтын құжаттар қосымша жалғанады.
7) осы хабарламаға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспар.
Әлеуетті жекеше әріптестердің өзінің сипаттамалары мен параметрлері бойынша балама ұсыныстары хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуы тиіс.
Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мекен жайы бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен ұсыну қажет. Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй.
Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.