Қазақ авторларының шығармалары әлем тілдеріне аударылды

0 7

Қазақ қаламгерлерінің кітабы әлемнің бірнеше тіліне аударылып, кітап болып жарыққа шықты, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ағылшын, испан, араб, қытай және француз тілдеріне аударылған шығармалардың тұсаукесері Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті.

Олжас Сүлейменовтың «Язык письма», Мұрат Әуезовтің «Главпочтамп», Дулат Исабековтың «Қарғын», Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Шерхан Мұртазаның «Бойтұмар», Қойшығара Салғараұлының «Қазақтар» және балалар жазушысы Шәкен Күмісбаевтың «Балалық шақ» атты туындылары Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша басылды.

Әр кітап 1775 данамен жарық көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.