Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана Банкі» АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz -ке тілшісі сілтеме жасап.
Ұлттық банк банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылуына байланысты «Астана Банкі» АҚ-ны тарату туралы өтініш берді.
«Сот шешімімен «ҚР Ұлттық банк» РМБ-ның «Астана Банкі» АҚ қызметін ықтиярсыз тоқтату (тарату) туралы қуыным талабын толық көлемде қанағаттандырды», — деп хабарлады қалалық соттағылар.
Еске сала кетейік, 2018 жылы 19 қыркүйекте Ұлттық банк «Астана Банкі» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын.