Ағымдағы жылдың 22-25 қараша аралығында Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда саятшылықтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының X чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты — жастар арасында ұлттық спортымызды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған чемпионатқа еліміздің 10 облысынан 19 бүркіт, 4 ителгі және 5 қаршыға баптаған спортшылар қатысты. Бәсеке құсты қолға шақыру, еркін ұшыру, аңға салу бойынша өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша, бүркіт баптағандар арасынан I орын Атырау облысынан келген Сармат Абдулкәрімұлы, II орын Түркістан облысынан Сейдулла Паң, III орын Жамбылдық Қалысбек Барықтабасовқа бұйырды. Ал қаршыға баулығандар тобынан I орын Жамбыл облысынан Берікболсын Жалғасұлына бұйырса, II орынды Алматылық Бекасыл Сейтжан, III орынды Түркістан облысынан келген Зәки Махмұтхан иеленді. Итерлгі жарыстыру бойынша I орынды Түркістан облысынан Сағи Махмұтхан, II орынды Жамбыл облысынан Нұрбек Шәкір, III орынды Байрақ Тастанбек қанағат тұтты.