Жол қателікті кешірмейді

0 18

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жол көлік ережелерінің талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында семинар өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айтулы шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев шақырылды.

Сонымен қатар, семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы және Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында, полиция полковнигі қатысушыларға «Қазақстан Республикасы жол көлік ережелері» заңнамасының талаптарын жеткізіп, тереңдетілген түсінік берді. Қонақтың және департамент қызметкерлері арасында қозғалған тақырып бойынша диалог өтті, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.