АҚШ-та екі қазақстандық 36 миллион долларды кибералаяқтықпен тартып алған деп айыпталып жатыр

0 0

Нью-Йоркте екі қазақстандық 36 миллион долларды кибералаяқтық жолмен тартып алған деп айыпталып жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Бұл іс бойынша алты ресейлікке айып тағылған. РФ-ның Нью-Йорктегі бас консулдығы тағылған айыптарды растады. Іс бойынша Қазақстанның мына азаматтары тартылып отыр: Сергей Овсянников, Евгений Тимченко. Ал ресейліктер Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков және Александр Исаев.

Қала прокуратурасының мәлімдемесіне қарағанда, Овсянников Малайзияда, Жуков Болгарияда және Тимченко Эстонияда ұсталып, енді АҚШ-қа жеткізіледі деп жоспарланып отыр, қалғандары бостандықта жүр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.