«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады., деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Синоптик мамандар Қазақстан территориясының көп бөлігінде күннің күрт суытатынын айтты.
«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары солтүстік-батыстікімен алмасып, күн қатты суытады. Себебі, бұл ағындар Баренцев теңізі ауданынан арктикалық ауа массаларын алып келеді», — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, мамандар күн суытпас бұрын Қара теңізден келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік бөлігі арқылы өтіп, елде қалың қар жауып, батыстан қатты жел соғатынын хабарлады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде бұл уақытта тұман мен көктайғақ болады.