Меркі ауданының оқушылары онлайн-олимпиада жүлдегері атанды

0 7

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні «Нұр Отан» партиясының «Балаларға тегін ІТ-сынып» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық онлайн-олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. Мұндай зияткерлік білім сайысына еліміздің барлық аймағынан 5000-нан аса оқушы қатысты. Олимпиада «Программалау», «Робототехника» және «3D-моделдеу» бөлімдері бойынша өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.

Тікелей бейне байланыс арқылы өткен марапаттау рәсіміне партия хатшысы Тамара Дүйсенова қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Жалпы, бұл сайысқа Жамбыл облысынан 278 оқушы қатысты. Олардың арасынан Меркі ауданында ашылған ІТ-сыныпта білім алып жатқан Т.Қожекеев атындағы мектептің 7 сынып оқушылары Нұрсұлтан Тұрғынбай мен Әмір Сүйінбай «Программалау» бағыты бойынша жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Арнайы конструктормен марапатталып, онлайн оқуға бір жылдық тегін сертификат еншіледі.

Айта кетейік, аталған жобаны жүзеге асыру бойынша республика көлемінде үш жылда 1000 ІТ-сынып ашу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда жарты жылдың ішінде 776 сынып пайдалануға берілді.

Жамбыл облысы бойынша бүгінде 13 ІТ-сынып, 1 ІТ-орталық және ІТ-лицей ашылған. Оларда 1300-ге жуық оқушы білім алуда. ІТ-сыныптардың санын арттыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.