Қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президент күнімен тараздықтарды құттықтауы

0 4

Құрметті тараздықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, ол – әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын. Республикамызбен бірге ежелгі Тараз қаласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде тараздықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Қазақстан азаматы болу – зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды қастер тұтып, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – негіз қалаушы, реформатор және жасампаз ретінде Отанымыздың және әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Барша қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға бақыт,отбасыларыңыздың амандығын тілеймін. Мемлекет басшысының бағытын қолдап, жаңа табыстар мен жетістіктерге жете берейік.

Ғалымжан Әбдірайымов, 
Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.