Тұңғыш Президент күніне орай Теміртауда Елбасы сапарлары туралы жаңа жинақ жарық көрді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сарыарқа төсіндегі кездесулер» деп аталған кітап жинағының тұсаукесері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өтті. Кітапқа 1990 және 2000 жылдар аралығындағы Қарағанды өңірінің тыныс-тіршілігі мен Мемлекет басшысының осы өңірге жасаған жұмыс сапарлары туралы мәліметтер енген. Жұмыс кеңестерінің стенограммалары, газет репортаждары мен мұрағаттық құжаттар да жинақта көрініс тапқан. Туындының авторы – мұражай қызметкерлері. «Кітап Қазақстан тәуелсіздігінің тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымына арналған», – дейді тарихи-мәдени орталық өкілдері.
Қуаныш Омашев, ардагер металлург:
– Кітап ұнады, авторлары – осы мұражайдың қызметкерлері. Елбасының жүрген жерлері, басқан іздері осы жерде айқын көрсетілген. Біз қуаныштымыз.