Бүгін ауа райы қандай болады?

0 0

Оңтүстік, шығыс және солтүстікте – жел және боран, еліміздің басқа өңірлерінде – аяз, деп болжайды синоптиктер.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз әрі аязды ауа райы болады.

Солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс арқылы атмофералық фронттар өтетіндіктен, қар жаууы ықтимал, ал оңтүстік-батыста – жауын-шашын, жел және боран.

Республика бойынша кей жерде тұман, батыста – көктайғақ.

Дабылды ескерту

Еліміздің оңтүстігінде бірнеше өңірде жел айтарлықтай ұлғаяды.

«Қызылорда облысында кей жерде тұман, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Жамбыл облысында – тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, желдің екпіні 18-23 м/с», — деп ескертеді синоптиктер.

Боран және тұман

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде боран, тұман. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ.

Ақмола, Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарында кей жерде тұман.

Солтүстік Қазақстанда – төменнен соққан боран.

Ірі қалаларда ауа райы қандай?

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, +8, түнде —2 градус.

Алматыда да жауын-шашынсыз, күндіз —1, ал түнде айтарлықтай суытады — 11 градус аяз.

Елордамызда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы —12, түнде сынап бағанасы 14 градусқа дейін нөлден төмендейді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.