Таразда «Елбасы – ел тірегі» атты жас патриоттар форумы өтті

0 2

2018 жылдың 1 желтоқсан күні Тараз қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты жас патриоттар форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Форум барысында қала әкімінің орынбасары К.Олжабай Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан — 2020: Болашаққа жол» тұжырымдамасы аясында шығармашыл жастардың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында ғылым мен білімді, бұқаралық спорт пен кәсіпкерлікті дамытуға елеулі үлес қосқан жастарды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Форум қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Шарада «Жас кәсіпкер» номинациясы бойынша Қ.Сатбекова, «Жас спортшы» номинациясы бойынша Д.Ұлысбаев, «Жастар көшбасшысы» номинациясы бойынша Ш.Жақсыбаев, «Жас сарбаз» номинациясы бойынша Б.Омаров, «Жас ғалым» номинациясы бойынша Н.Кемелбекова, «Жігерлі жас» номинациясы бойынша С.Нурматова, «Белсенді жас» номинациясы бойынша Н.Сламбеков марапатталды.

Аталған іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер Кеңесінің, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, қалалық бөлімдер мен мекемелердің ұжымдары, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері мен білімгерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.