Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 күн демалады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.
Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 күн қатарынан демалыс болады. Мерекеге екі күн демалыс беріледі. 16 желтоқсан жексенбіге келетіндіктен мерекелік күн 18-не ауысады. Сенбі әдеттегі демалыс күні ретінде қалады. Осылайша 15, 16, 17, 18 төрт күн қатарынан демалыс болады.
Ал, желтоқсан айында жалпы 13 күн демалыс болады. Жаңа жыл мерекесіне қарсы тағы 4 күн демалыс беріледі. Қазақстандықтар 29 желтоқсан сенбі күні жұмыс істеп, есесіне 30, 31, 1, 2 желтоқсанда демалады.